«Алматы» жасөспірім командасы 23 жасқа дейінгі Қазақстан біріншілігінің қола жүлдегері болды

10 сәуір күні Павлодар қаласында волейболдан әйелдер арасындағы әі жасқа дейінгі Қазақстан біріншілігінің соңғы туры аяқталды. «Алматы-2» командасы 18 ұпайдан 15 ұпай алып, турдың жеңімпазы аталды, бірақ жалпы кестеде үшінші орынға ие болды.

Алматылықтар Павлодарда бес ойында жеңіске жетіп, бір ойында келешекті чемпиондардан - жергілікті «Ертіс-Қазхром-2» командадан жеңіліп қалды. Біріншіліктің күміс желдегері «Қуаныш-2» (CҚО)  командасы болды.

Жанна Сыроешкина біріншіліктің символикалық құрамасына кірді.

«Алматы-2» командасының бас бапкері Юлия Толкушева:

«Осы маусым бойы, турдан турға біздің команданың ойыншылары өз шеберлігін арттырып, техникалық элементтердің жасау сапасын жақсартып, ара қатынасты жөнге салды. Команда тактикалық нұсқауларын орындап, әрқашан өзара көмек, бірлік, өз қажымас қайратын көрсеткен. Солай былтырдан қарағанда бір сатыға жоғары көтеріліп, қола жүлделерін жеңіп алдық».

«Біз үшінші орынға ие болып, біріншіліктің соңына дейін бірінші орынға тартыстық, бірақ кішкене ғана жетпеді. Кей жерлерде өз мүмкіндіктерімізді жіберіп алдық, бірақ, жалпы, бапкердердің нұсқауларын орындадық. Біз әрқашан бір-бірімізді қолдайтын ұйымшыл, тату командамыз. «Ертіс-Қазхром-2», «Жетісу-2» командалармен маңызды ойындар өте тартысты және эмоциалық болып, бізді одан да әрі біріктірді. Енді бір орында тұрмай, алға қарай жылжимыз», - деді команда капитаны Сабина Алтынбекова.

Турдағы ұпайлар:

«Алматы-2» - 15

«Ертіс-Қазхром-2» - 15

«Жетісу-2» - 13

«Қуаныш-2» - 11

«Алтай-3» - 6

«Қараганды-2» - 3

«Астана-2» - 0

Ұйымдастыру комитеті 5-ші турдың үздік ойыншыларын анықтады:

«Ертіс-Қазхром-2» - №14 Жамиля Барлыбай

«Алматы-2» - №13 Валерия Медникова

«Қараганды-2» - №16 Алия Гайбуллаева

«Қуаныш-2» - №2 Олеся Фелдбуш

«Алтай-3» - №3 Абайым Абайханкызы

«Астана-2» - №3 Коркем Мынжасар

«Жетісу-2» - №11 Шакен Акерке

Маусым бойынша үздік ойыншылары болып анықталды:

Үздік бұғаттаушы - Ксения Арефьева, №19 («Ертіс-Қазхром-2»)

Үздік шабуылшы - Жанна Сыроешкина, №14 («Алматы-2»)

Үздік диагональ ойыншы - Татьяна Никитина, №14 («Жетісу-2»)

Үздік либеро - Томирис Сагимбаева, №21 («Жетісу-2»)

Лучший связующий - Фарида Рамазанова, №17, («Қуаныш-2»)

MVP - Александра Мещанинова, №15 («Иртыш-Казхром-2»)

IMG 7944

Қорытынды кесте

1 «Ертіс-Қазхром-2» 73 ұпай

2 «Қуаныш-2» 71

3 «Алматы-2» 69  

4 «Жетісу-2» 57 

5 «Алтай-3» 30 

6 «Қараганды-2» 11

7 «Астана-2» 4 

10.04.2018 15:00