«Алматы» волейбол клубының капитанымен сұхбат

Алматылық волейбол клубының капитаны мен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Яна Петренко ел чемпионатында алған әсермімен бөлісіп, алдағы Азия ойындары (19 тамыз - 2 қыркүйек) және Әлем біріншілігіне (30 қыркүйек - 21 қазан) дайындығы туралы сөз қозғады, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

- Яна, сіз алматылық клубтың намысын бірнеше жыл қатарынан қорғап, Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетесіз. Көптеген халықралық турнирлерде ел намысын қорғап жүрсіз. Жалпы, волейболға қалай келдіңіз?

- Мен Павлодар қаласында дүниеге келіп, бала кезімнен спортты жақсы көремін. Алдымен шаңғымен сырғанау секциясына, сосын жүзуге бардым. Мектепте оқып жүрген кезде, бізге жаттықтырушы волейбол секциясына қыздарды жинап жатқанын айтты. Сол кезде мен жазылып, осы спорт түрін жақсы көріп қалдым. Сонымен қатар, балам кезімде бойым ұзын болды, осылайша мен және волейбол бір-бірін тапты десек болады. (күледі). Әрине, жас кезімде өз өмірімді волейболмен байланыстырамын деп ойламадым. Маған бірінші келісімшарт ұсынған кезде ғана мен осы спорт түрімен кәсіби тұрғыда айналысып жүргенімді сезіндім. Ол кезде мен 16 жастамын. Маған Астана қаласының жергілікті клубынан ұсыныс жасаған болатын.

- Сіз алматылық клубтың сапында жеті жыл қатарынан Қазақстан чемпионатында өнер көрсетіп келесіз. Алматы командасындағы алғашқы қадамдарыңыз есеңізде ме?

- Мен Алматыға келген кезде, бұл жерде жаңадан команда құрылып жатты. Бастысы, құрамаға болашағы бар қыздар жиналды. Сол кезде Нелли Щербакова мен Анатолий Дьяченко бапкерлеріміз нағыз бірлігі жарасқан, тиімді команданың басын қосты. Маған Алматы не Астананы таңдау түскен кезде. Мен таңдауымды Алматыға жасадым. Бұл таңдауыма еш өкінбеймін. Керісінше, маған осы әдемі қаламен қосқан тағдырыма ризамын. Қазақстанның оңтүстік астанасы әлемдегі ең заманауи және әдемі қалалардың бірі деп санаймын. Павлодар - менің туған қалам, бақытты балалық шағым, менің туыстарым тұратын қала, ал Алматы осы жылдарда маған өте жақын болды, бұл қаланы мен ешнәрсеге ауыстырмаймын. Сонымен қатар, Алматыда біздің клубтың қалыптасуы болды. Мен Алматы клубымен бірге өскенімді айтсам, қателеспеймін. Бұрын біздің командамыздың бүгінгідей жағдайы болмады. Сондықтан қала әкімдігіне, Дене шынықтыру және спорт басқармасына алғысымды білдіргім келеді.

- Сіз Қазақстанның ұлттық құрамасында ұзақ уақыт бойы ел намысын қорғап келесіз. Еліміздің негізгі командасының құрамаындағы алғашқы ойындарыңыз есіңізде ме?

- Кез-келген спортшы өз елін әлемдік деңгейде танытсам деп ойлайды, ұлттық құраманың әрбір ойыны - есте қаларлық оқиға. Мен алғаш рет 17 жасымда Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылдым, содан кейін қытайлық Тайбэйдегі турнирлерде жастар құрамасының сапында жарыс жолына шықтым. Сосын есейген кезімде ересектер командасына қайта оралдым. Мен үшін ұлттық құраманың бір бөлшегі болу мақтанарлық жайт, жауапты жарыстарға қатысқым келеді. Биыл біз Индонезиядағы Азия ойындарына және Жапониядағы Әлем чемпионатына қатысамыз. Екі жарыста да барымыз салып, лайықты нәтиже көрсетуге тырысамыз. Біздің жанкүйерлеріміздің үмітін ақтауға бар күшімізді саламыз.

- Яна, соңғы рет 2008 жылы біздің команда Олимпиада ойындарына жолдама алды. Сіздің ойыңызша, 2020 жылы төртжылдықтың басты додасына құрамамыздың жолдама алуға мүмкіндік бар ма?

- Әрине, бұл біздің басты мақсатымыз. Дегенмен, қазір мен алға қарай жүгіргім келмейді. Мақсат қойып, соны орындауға тырысамыз. Биылғы жылы іріктеуден өтіп, әлем чемпионатына жолдама алдық. Бұл жақсы көрсеткіш. Әлем біріншлігінде біз әрбір ойында барынша күш салуға тырысамыз, біз әлемнің ең мықты волейболшыларымен жарыс жолына шығамыз. Әрине, мен Индонезиядан елге жүлдемен оралғым келеді. Егер бәрі жақсы болса, онда біз Азия ойындарының медалдарын жеңіп аламыз.

- Отандық чемпионат туралы сөз қозғасақ. Сіздің ойыңызша, бүгінгі Қазақстан чемпионаты қаншалықты бәсекеге қабілетті?

- Жыл сайын біздің чемпионатымыз өсіп, күшейіп келеді. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, бәсекелестікті қамтамасыз ететін және отандық волейболшыларды өздерінің біліктіліктерін спортшылардың деңгейіне дейін көтеруге шақыратын күшті легионерлер келіп жатыр. Екіншіден, біздің жергілікті мықты волейболшыларымыз кез келген чемпионатта өнер көрсетуге қауқары бар. Бүгінгі таңда қалада балалар мен жасөспірімдер волейболына үлкен көңіл бөлініп келеді. Мысалы, біздің клубта өз кадрларын дайындау мәселесі бірінші орында тұр. Бұл өте қуанышты жайт. Өткен жылдармен салыстырғанда біздің Ұлттық лигамыз да күшейді. Егер отандық волейболдың жоғары лигасында 4 клуб болса, бүгінде осындай 8 командалар бар.

- Өткен маусымда «Алматы» волейбол клубы жүлдегерлер қатарына жетуге бір қадам жетпеді. Қола медаль иелері болу үшін не жетіспеді?

- Бізге бірнеше ұпай жетіспеді (күлді). Алайда, ең басты себептердің бірі - командалық жұмыс, легионерлер чемпионаттың ортасында қосылды. Алғашқы екі айналымда сенімділігіміз аз болды. Нәтижесінде көптеген кездесулерде қажетті ұпайларды жіберіп алдық. Маусымның соңына қарай біз ойынға кіріп, ұлттық лиганың барлық клубтары үшін өте маңызды қарсылас болдық. Біз ел чемпионатының көшбасшысы өскемендік «Алтай» командасын жеңдік. Бұл «Алтай» үшін өткен маусымда жалғыз ғана жеңісіліс болды. Сондай-ақ, біз «Иртыш-Қазхром» клубымен шайқаста жеңіске жетіп, үшінші орынға тұрақтадық. Алдағы чемпионатта біз жүлделерге таласамыз. Бәсекелестікке қабілетті боламыз. Қазір Алматы қаласының маңындағы «Сұңқар» базасында ортаңғы таулы аймақта екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Біздің алғашқы жиынымыз Қапшағайда өтті. Үшінші оқу-жаттығу жиынымыз Түркия елінде болады. Сол кезде мықты командалармен жолдастық өткіземіз.

- Сіздің ойыңызша, біздің волейболшылардың басқа елдің спортшыларынан қандай кемшіліктері бар?

- Қытай немесе Бразилия сияқты елдерде жасөспірімдер волейболынан ересектерге дейін тұтас жүйе құрылған. Оларда шамамен бір командаға он маманға арналған, оның ішінде бапкерлер мен профильді ғылыми топ өкілдері бар. Бұл тұрғыда біз тек алғашқы қадамдарды жасап келеміз. Волейболды насихаттауға, осы серпінді және әдемі спортқа барынша көп жастарды тартуға және тиісінше, бұл үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға үлкен назар аударуымыз керек. Алматы мен Астана сияқты ірі қалаларда мүмкіндігінше көп жарыстар өткізілсе, осы спорт түрінің дамуына жаңа серпін берер еді деп ойлаймын. Мысалы, өткен маусымда Алматыда Ұлттық лига туры өткізілмеді, волейбол жанкүйерлері еліміздің үздік клубтарының бәсекелестігін көре алмай қалды. Қазіргі уақытта Өскемен қаласында волейболға көп көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда Азияда әйелдер арасындағы чемпионаты бар, бұл біздің спорттың дамуына қосымша дем бола алады. Қазір Өскеменде волейбол спорты қарқында дамып келеді.Дегенмен, Алматының волейболды дамытуға әлдеқайда әлеуеті зор әрі жоғары деңгейдегі іс-шараларды өткізуге барлық мүмкіндіктер бар!

24.07.2018 13:44